АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ ХАБАРШЫСЫ 30.10.2019 08:32

73233882_734115187062917_4125892644217815040_n   Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен Абай музейінің хабаршысы журналының кезекті саны жарық көрді.
  Журналдың 2019 жылдың №2 (27) санына әдебиеттану саласында еңбектеніп жүрген ғалымдар мен әдебиеттанушылардың еңбектері енген. Аталған басылымдағы «абайтану», «шәкәрімтану», «мұхтартану», «алаштану» тарауларында Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов және Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына қатысты ғылыми-танымдық мақалалар топтастырылған.
  Сонымен қатар, оқырмандар музей қызметкерлерінің Абай және оның айналасы тұтынған жәдігерлер, тарихи ғимараттар мен елді-мекендерге қатысты еңбектермен танысып, басқа да тақырыптар туралы оқи алады.