АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІ. "АТА ЗАҢ - АЗАТ ЕЛДІҢ АР-НАМЫСЫ" 29.08.2019 17:08

69392367_689201904887579_1668348662805168128_n   Ағымдағы жылдың 29 тамыз күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек69317235_689198298221273_6280613943471767552_n үстел өткізілді.
  Шараға Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының және Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Семей қалалық Әділет басқармасының мамандары қатысты.
Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – музей қызметкерлерімен тығыз байланыс жасау, Конституцияның маңызы мен қажеттілігін, Конституция аясында шығарылған заңдар туралы, енгізілген 69604278_689199164887853_8584907143801470976_n өзгерістер туралы таныстыру.
  Сонымен қатар, шара барысында музей қызметкерлері мен заң мамандары әкімшілік және құқықтық заң ережелері бойынша пікір алмасып, Абай музейінің заңгері «Заңдар 69281284_689198238221279_883772895057149952_n тарихы: Қазақ хандығынан тәуелсіз Қазақстанға дейін» атты баяндамасын тыңдады. 
  Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушы қонақтарға музейдің баспа өнімдері сыйға тартылып, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заң–Азат елдің Ар–намысы» атты кітап көрмесі таныстырылды.