АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МҰРАСЫ АТБАСАР ЖЕРІНДЕ НАСИХАТТАЛДЫ 11.02.2020 17:00

86176208_822224871585281_4955423327846924288_n    Абай музейінің Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан85100979_822224918251943_2413609721559777280_n қалаларын аралап, ақын мұрасын насихаттау жұмыстары жалғасуда. 11 ақпан күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен Ақмола облысы Атбасар ауданындағы І.Есенберлиннің әдеби музейінде «Абай музейі және қолжазбалар әлемі» атты жылжымалы 85075469_822225134918588_2879838342915031040_n көрме ашылды. 
   Аталмыш көрмеде 1885 жылы тарихи-өлкетану музейіне Абайдың өзі табыстаған84864655_822225168251918_3482518358732046336_n құнды жәдігерлер және Абай музейі қорындағы құнды кітаптар, Абайдың екі суреті және архивтік құжаттар көрермен назарына ұсынылды.
   Көрменің ашылу салтанатында Атбасар ауданының әкімі А.Қалжанов, Ақмола 84030476_822225291585239_7953895114223386624_n облыстық  маслихатының депутаты, Атбасар ауданының Құрметті азаматы А.Тайшытаев, І.Есенберлиннің әдеби музейінің директоры Ұ.Комбатурова ұйымдастырылған 86222346_822225024918599_6140524763249901568_n шараға музей әкімшілігіне өз алғыстарын білдіріп, хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойының сәтті өтуіне тілектестік білдірді.
   Сондай-ақ Атбасар ауданының №8 мектеп оқушылары ұлы ақынның өлеңдерін, қара сөздерін және өздерінің арнау өлеңдерін оқып қонақтарды тәнті етті.