АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МҰРАСЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА 05.03.2020 16:00

Ақтөбе облыстық-өлкетану музейінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Абай мұрасы – рухани қазына» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай ашылған көрмеге Ақтөбе қаласының зиялы қауым өкілдері, ЖОО оқытушалары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Көпшіліктің назарына ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи құжаттар мен архивтік деректер, құнды қолжазбалар, фотосуреттер, Абай алақанының табы қалған жәдігерлер, Абай оқыған Ахмет-Риза медресесінің араб, түрік, парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптары, тұрмыстық бұйымдар ұсынылды.

Аталған көрме Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін 28 наурызға дейін жалғасатын болады.

      87511796_838097909997977_5360269960234926080_n      89119322_838097953331306_2463658795071438848_n

      89292443_838098236664611_6724498843578138624_n                83161026_838098073331294_5631327266135867392_n    

      89258675_838098043331297_4212946284073451520_n      89318835_838098123331289_1262695942365118464_n