18 қараша күні Абай музейінің ұйымдастыруымен Семей қаласындағы Қазақ
иновациялық гуманитарлық заң университетінде Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай қазынасы - Адамзат байлығы» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды.
Аталған шара аясында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, туыстық айналасы туралы деректер, музей қорындағы қолжазбалар мен баспа өнімдері оқытушылар мен студенттер назарына ұсынылды.