АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ АПТАЛЫҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ 14.02.2020 17:00

86198796_824336758040759_5750696046653079552_n   11-15 ақпан аралығында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейіне қарасты86295415_824336864707415_7040484217519603712_n Бөрілідегі М.Әуезов музейінің аға ғылыми қызметкері Г.Тәңірберген Семей қаласындағы оқу орындарында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлылар мекені» жылжымалы көрмесімен таныстырды.
  Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған 86189040_824336921374076_2303737779453952000_n көрме арқылы №26 мектептің оқушылары мен М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжінің студенттеріне кеңінен мағлұмат беріп,86757052_824337041374064_2905336820722040832_n Абай атындағы әмбебап кітапханасында Құнанбай қажы және М.Әуезов музейі жайлы танымдық сағат ұйымдастырылды. 
  Апта бойына ақын мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара барысында музей қызметкері «Абай деп соққан жүректер» атты ұстаздар байқауына және «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты қалалық студенттер арасындағы байқауда төрелік етіп қайтты.