АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

"АБАЙ ӘЛЕМІ" ӘДЕБИ КЕШІ ӨТТІ 19.02.2020 16:36

86501412_827785057695929_4589258678460219392_n   19 ақпан күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Семей қалалық Орталықтандырылған кітапxанасы "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында Мұxтар 86982404_827785017695933_699340123124269056_n Әуезовтің роман-эпопеясы бойынша "Абай әлемі" атты әдеби кешін ұйымдастырды.

   Кеш ақын, аудармашы, әдебиет зерттеушісі М.Сұлтанбековтың әдемі әңгімесінен бастау алып, студенттердің Абай бейнесін, Құнанбайдың бейнесін көрсеткен көрінісімен жалғасын тапты.
86937378_827784937695941_4125976658073092096_n   Аталған шараға Абайдың "Жидебай-Бөрілі" қорық-музейінің ғылыми қызметкері86870102_827784834362618_7078235923489488896_n Н.Асқатова қатысып, жиналған қауымға "Абай жолы" роман -эпопеясы және Абайдың мол мұрасы жайында мағлұмат беріп өтті.
  Кеш соңында кітапxана ұжымы атынан Абайдың "Жидебай-Бөрілі" қорық- музейінің ұжымына алғыс білдірілді.