name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

5 ҚАҢТАР – ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАР ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ 05.01.2017 11:51

  2017 жылдың 5 қаңтар күні Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайында қазақтың көрнекті ғалымы, абайтанушы, ұстаз, ҚазақССР-нің тұңғыш Гимнінің авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қайым Мұхамедхановтың туған күніне арналған көрме ұйымдастырылды.

  20170104_123524Көрмеде Абайдың ақын шәкірттері мұраларын жинақтап, ғылыми айналымға енгізу, ұлы ақынның әдеби-мемориалдық музейінің ұйымдастырылу, қалыптасу ісіне белсене араласып, іргесін қалап, ісін жалғастырған, жүйелеген мұражай тарихындағы Қ.Мұхамедхановтың  есімі мен ісі туралы мол мағлұмат берілді.

  Музей қорындағы құнды құжаттар, ғалымның әр жылдардағы фотосуреттері мен жазған өлеңдері көрмеге келушілердің қызығушылығын арттырды.