АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

28 ҚЫРКҮЙЕК - М.ӘУЕЗОВТІҢ ТУҒАН КҮНІ 30.09.2019 10:47

71179914_710041082803661_1702180850340200448_n   Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейінің бөлімі Бөрілідегі М.Әуезов музей-үйінде 28 қыркүйек күні қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлының туған күніне орай "Жер әңгімеші болган соң ел әңгімеші" тақырыбында танымдық71544562_710040959470340_5343541676797329408_n шара ұйымдастырылды.
  Аталған шараға Қасқабұлақ ауылының М.Әуезов атындағы мектеп оқушылары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысып, оқушылар Әуезовтің шығармаларынан, Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқыса, Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы 71271164_710041352803634_1920626146894938112_n Әлмағамбеттің шөпшегі Диана Жеңісқанқызы "Өлсем орным қара жер сыз болмайма" өлеңін домбырамен шырқап Кереку қаласынан келген қонақтарды тәнті етті.
  Сонымен қатар, шара соңында жазушының кіндік қаны тамған Аяққараған, Абайдың Әйгерімге арнап салған қыстауына белгі тас қойылды.