АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

24 ШІЛДЕ – ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ 26.07.2018 14:43

  DSC_0004Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің ұйымдастыруымен 24 шілде Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күніне орай Семей қаласындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Әрқашан ұмытылмасқа» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды.

  Кемеңгер ақынның туған күні қарсаңында ұйымдастырылған жылжымалы көрмені тамашалауға келген DSC_0012тұрғындар мен қала қонақтары хәкім Абайдың інісі әрі шәкірті болған ойшыл ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін  тың деректерге қанықты.

  Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған «Әрқашан ұмытылмасқа» жылжымалы көрмесі бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында болып, еліміздің әр түкпіріндегі қызғушылық танытқан көрермендердің көңілінен шыққан болатын.