name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

23 ТАМЫЗ – АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ! АБАЙ ШАҢЫРАҚТАРЫ ШАҚЫРАДЫ ! 19.08.2016 16:46

  Дәстүрге айналған ұлы Абайдың туған күні – 23 тамызды ұлықтау шарасы биыл сәл өзгеше сипатта өткізілмек. Яғни, қаламыздағы ақын есімін еншілеген шаңырақтар бас қосып, семейліктер мен қала қонақтары үшін арнайы бағдарлама әзірлеп отыр.

  Келіңіздер, көріңіздер! Руханият қайнарларынан сусындап, алтыбақан аясында ән шырқап, күй тыңдап, өлең өріп, өнер тамашалауға шақырамыз.

171 жылдық мереке аясындағы шаралар бағдарламасы

23 тамыз, 2016 жыл 

9.00-10.00. «Абай» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі (Абай алаңы).

10.00-10.30. «Абай» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі (Абай қорық-мұражайы, Ленин көшесі, 12).

10.00-23.00. Абай музейінде «Шыңғыстау» сурет галереясының таныстырылымы;

10.30-23.00. «Экспонат тарихы» жобасы ауқымында Абайдың түпнұсқа суреттерінің таныстырылымы ● Абай музейінде Республикалық «Абай» журналының баспа өнімдерінен көрме ● Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, Абай дәуірімен таныстыратын музей залдарына шолу экскурсиялары, тақырыптық экскурсиялар.

10.30-11.30. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының «Абайды оқы, таңырқа...» атты библиокеруені (Абай көшесімен жүретін қала көліктерінде ұйымдастырылады);

11.00 Абай қорық-мұражайының «Ұлы дала елінің Ұлы ақыны» көрмесі (Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында, Абай көшесі, 86).

17.00-23.00. «Абай шаңырақтары шақырады!» атты мерекелік салтанат аясындағы шаралар (Абай музейінде, Ленин көшесі, 12).

● «Абай шаңырақтары шақырады!» танымдық бағдарламасының ашылу салтанаты ● Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы-драма театры ұжымының «Абай» трагедиясынан (М.Әуезов) үзінді ● Ақындар шеруі ● «Шеберлер ауылы» - жергілікті суретшілер, қолөнер шеберлерінің көрме-сатылымының басталуы ● «Абай» өнер мектебінде тоғызқұмалақ пен дойбыдан Шығыс аймақтық жекелей біріншілігі ● «Әсемпаз болма әр неге...» - Абай Құнанбайұлы шығармалары шетел тілдерінде орындалады ● Алтыбақан аясында ұлттық музыка сүйер қауымға арналған мереке ● Музейдің күмбезді залында «Абай» туралы фильмдер көрсетілімі● 

Ардақты Абай ұрпақтары!

  Киелі қара шаңырақта асыл мұрамен танысқысы келетіндердің баршасын асыға күтеміз! Келіңіздер, көріңіздер!

  Абай музейі келушілерге 10.00-ден 23.00-ге дейін тегін қызмет көрсетеді. Мерекеге келген барша жұртшылық үшін Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, Абай дәуірімен таныстыратын музей залдарына шолу экскурсиялары, тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылады. 

                                                           Абай мұражайы, Абай қоры,

                                                           Абай театры, Абай кітапханасы,

                                                           «Абай» журналы.