АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

2 СӘУІР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КІТАП КҮНІ 04.04.2017 16:13

  IMG-20170404-WA0024Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайында балаларға арналған кітап күніне орай «Артық ғылым кітапта...» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  1956 жылдан бастап дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай 2 сәуір «Халықаралық балаларға арналған кітап күні» ретінде аталып өтеді. Әлемнің көптеген елдерінде осы күні көрме, конференциялар, апталықтарIMG-20170404-WA0025 өткізіледі.

  Көрмеге Абайдың өлең жинақтары, ұлы ақынның И.А.Крыловтан аударған мысалдары, М.Әуезовтің «Көксерек», «Жолда», «Белесте» әңгімелері, «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» және өзге де эпостық жырлар, қазақ ертегілерінің жинағы, балаларға арналған танымдық энциклопедиялар, сонымен қатар қырғыз ертегілері, мақал-мәтелдер қойылды.

  Көрмені мектеп оқушылары тамашалады.