АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«18 СӘУІР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР МЕН ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ» КІТАП КӨРМЕСІ 18.04.2018 15:56

DSC_0001Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 18 сәуір – Халықаралық ескеткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған  Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Кеңес Ассамблеясы осынау атаулы күнді бекіткен болатын.DSC_0002

Ескерткіштер әрбір елдің тарихи мен өткенінен сыр шертетін халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққ тәлім-тәрбие беретін мұра. Қазақ даласында әлемді таңғалдыратын небір тарихи орындар мен ескерткіштер бар екені белгілі.

DSC_0007Көрмеге еліміздің тарихи-көрнекті ғимараттары мен ескеркіштері туралы сыр шертетін «Көркемсуретті Қазақстан тарихы», «Памятники культуры. Новые открытия», «Памятники мирового искусства», «Абылай хан»,  «Есім хан», «Тәуке хан», « Жәңгір хан», «Бөгенбай батыр»  «Абай тойы», «Абай елі», «Шығыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, т.б.кітаптар, «Мәдени мұра», «Аңыз адам» журналдары, фотосуреттер қойылды.

Көрмемен қаланың зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар танысты.