АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«18 СӘУІР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ» КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ 18.04.2019 14:34

  WhatsApp Image 2019-04-17 at 16.13.44 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 18 мамыр Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған  Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы осынау атаулы күнді бекіткен болатын.

  Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертетін халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беретінWhatsApp Image 2019-04-17 at 16.13.16 мұра. Қазақ даласында әлемді таңғалдыратын небір тарихи орындар мен ескерткіштер бар екені белгілі.

  Көрмеге Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мелекеттік тарихи-мәдени әдеби мемориалдық қорық музейінің қарамағына берілген Республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер туралы сыр шертетін «Ұлылар мекені», «Жер кіндігі - Жидебай», «Шыңғыстау жері. Шыңғыс елі», «Абай елі», «Шығыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы сынды кітаптар мен фотосуреттер қойылды.