АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«18 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІ » КІТАП КӨРМЕСІ 19.05.2017 16:49

  IMG-20170519-WA0016Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Музейлер күні 1978 жылдан бастап бүкіл әлем елдерінде мерекеленіп келеді. Осы атаулы күнге орай Абай қорық-музейі де 2010 жылдан бастап 18 мамырда «Музей түні» акциясын өткізуді дәстүрге айналдырды. Акция шеңберінде жалпы музейлер тарихынан, оның ішінде ұлы ақын музейінің құрылу, ондағы жәдігерлер тарихы жайында жан-жақты мағлұмат беретін кітап көрмесі ашылды. Ұлттық музей, мемлекеттік орталық музей турасындағы кітаптар, осы саладағы мәдени шаралар ақпаратшысы болып табылатын «Қазақстан музейлері», «ИКОМ Қазақстан», «Абай мұражайының хабаршысы» журналдары, буклеттер көрме мазмұнын толықтырды.

  Кітап көрмесімен оқушы жастар, мерекелік шараға келген қала тұрғындары және баспасөз құралдарының өкілдері танысты.