АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ҰЛЫЛАР МЕКЕНІН ҰЛЫҚТАҒАН КӨРМЕ 31.07.2019 13:27

67708609_671402020000901_8853320094172839936_o   Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Шыңғыстау өлкесінде67403157_671401996667570_7531508930615181312_n өмір сүрген бабаларымыздың тіршілігі мен өрелі өмір сапары жайлы сыр шертетін «Дала  тылсымынан нәр алған ұлылар мекені» көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті.
  Шығыс елі, Шыңғыстау өлкесінен орын тепкен қажы 67346467_671402380000865_5813971476247740416_n Құнанбай мекен еткен Ақшоқы, хакім Абай өмірге келген Сырт-Қасқабұлақ, данышпан Шәкәрім шыр етіп дүние есігін ашқан Кеңбұлақ жайлауы, 67923263_671402293334207_5638875164352446464_n ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған  Аяққараған секілді елді-мекендер қазақ халқының қастерлейтін асыл қазынасы іспетті тарихи орындарымен белгілі.
 67696896_671402336667536_6489103157942026240_n Аталған көрменің ашылуына қаламыздағы зиялы қауым өкілдері мен мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары, тарихшылар мен шежірешілер қатысты. Шара барысында музей директоры Ж.Әубәкір және зиялы қауым өкілдері атынан67274485_671402433334193_8896298285715685376_n Ә.Имаханов, М.Жанболатов, К.Төлемісов сынды ақсақалдар ашылып отырған көрменің мазмұны мен ұлылар нәр алған қасиетті Шыңғыстау өлкесі жайлы пікірлерін білдірді.