АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«ҰЛЫЛАР МҰРАСЫНА ТАҒЗЫМ» РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ 10.07.2019 14:15

 DSC_0009 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Ұлылар мұрасына тағзым» рухани-танымдық экспедициясының қорытындылау рәсімі өткізілді.

  Қызылорда облысының қалалары мен аудандарындағы мектеп мұғалімдері менDSC_0015 оқушыларынан құралған «Ұлылар мұрасына тағзым» экспедициясының мүшелері Ұлы Абай мен ойшыл Шәкәрім, ғұлама Мұхтар Әуезовті тудырған киелі мекенге, Алаш алыптарының ізі қалған қасиетті шаһарға арнайы келіп, ұлылар рухына тағзым етті.

 DSC_0025 Аталған экспедиция мүшелері Семейдегі «Бейбітшілік» аралы, «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов» музейі, облыстық тарихи өлкетану музейі сияқты қаланың көрнекті жерлерімен танысып, Ұлылар мекеніндегі Күшікбай бұлағы, Ғазиза бейіті, Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтың музей-үйі, ХакімDSC_0053 Абайдың туған жері «Сырт-Қасқабұлақ», Ералы жазығындағы «Еңлік-Кебек» кесенесі, Жидебай жеріндегі Абайдың музей-үйі, «Абай-Шәкәрім» мавзолей-кешені, Кеңгірбай би кесенесі, «Қоңыр әулие» үңгірі сынды халқымыздың тарихы мен тағдыры жолындағы үлкен маңызға ие тарихи мекендер мен рухани DSC_0019 орындарды аралады.

  Қазақтың ақыл-ойы мен парасат биігі, ғылым мен білімнің бастау бұлағы Абайдың шығармашылығы мен ұлағатын ұқтыру, еліміздің әр түкпіріндегі Абай деп соққанDSC_0023 арда жүрегі бар азаматтарға шығыс өлкесіндегі тарихи тұлғалардың жүріп өткен жолымен таныстыру басты парыз.

  «Ұлылар мұрасына тағзым» рухани-танымдық экспедициясына арналған шара DSC_0047 барысында мұғалімдер мен мектеп оқушылары алған әсерлерімен бөлісіп, Абай мен Шәкәрім және М.Әуезовтің шығармаларынан үзінділер оқыды. Абай мұрасын насихаттауға үлес қосқан экспедиция мүшелеріне Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық- музейі мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің алғыс хаттары мен сертификаттары табысталды.

                      DSC_0035   DSC_0071