АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«ҰЛЫ ДАЛА МҰРАСЫ»: АБАЙ ШАҢЫРАҒЫ «МУЗЕЙ ТҮНІН» АТАП ӨТТІ 20.05.2019 08:29

 DSC_0004 Абайдың «Жидебай-Бөрілі»мемлекеттік қорық-музейінде18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне арналған «Ұлы дала мұрасы» тақырыбында «Музейдегі түн» шарасы өткізілді.

  Шара барысында БАҚ өкілдеріне Абайдың өмірі мен шығармашылығына, өскен DSC_0042 ортасы мен туыстық айналасына қатысты мағлұматтар беріліп, Абай мен Пушкиннің шығармашылық байланысы туралы «Рух үндестігі. Талант үндестігі» тақырыбындағы көрменің таныстырылымы өтті. Баспасөз саласы қызметкерлеріне DSC_0063 Абай, Пушкин сынды тұлғалардың театрландырылған образы және Ұлы ақындардың шығармасына арқау болған кейіпкер Татьяна Ларина бейнесі ұсынылды. Тарихи бейнелерді сомдаған театр актерлері Абай мен Пушкин өлеңдерін оқыды.

  Сонымен қатар, Отырар қорық-музейінің көне қала қорғанысының 800 жылдығынаDSC_0125  арналған «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» көрмесі ашылды, Ж.Кәрменовтің 70 жылдығына арналған «Ұйықтап жатқан жүректі ән DSC_0112 оятар...»концерттік бағдарламасы көрермен көңілінен шықты.

  Музей ауласында қолөнер шеберлерінің көрме-сатылымы мен тоғызқұмалақ ұлттық ойынын үйрету шеберлік сабақтары өткізілді.

  Музей Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарына 23.00-ге дейін тегін қызмет көрсетті.

            DSC_0084     DSC_0081   

            DSC_0179     DSC_0177

           DSC_0151      DSC_0200