АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ҰЛЫ АҚЫН МУЗЕЙІНЕ ЖАПОНИЯ ЕЛІНІҢ ЕЛШІСІ КЕЛДІ 15.04.2019 10:19

  57411751_2140170739410269_1832931208292466688_n Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне Қазақстандағы Жапония елінің Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико КАСАИ ат басын бұрып қонаққа келді. Жапон елшісі ұлы ақын музейін аралап, өзін қызықтырған сауалдарға жауап алды. 56986761_2140171356076874_1261859643513110528_n Сонымен қатар, музейдегі «Тағзым» кітабына қолтаңбасын қалдырды.
  Музейді аралау барысында жапон елшісі ұлы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін қазақ тілінде орындап, хакім шаңырағына Жапония елі туралы сыр шертетін танымдық журналдарды сыйға тартты.
56764336_2140172352743441_7602938583254564864_nСондай-ақ, экскурсия соңында музей ұжымының атынан қонақ боп келген Тацухико КАСАИ мырзаға Абай музейі директорының орынбасары М.Қайрамбаева ұлы Абайдың ағылшын тіліне аударылған өлеңдер жинағын табыстап, ертеңгі күні тарих боп сөйлер естелік суретке түсті.