АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

"ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ІЗІМЕН" ЭКСПЕДИЦИЯСЫ АБАЙ МУЗЕЙІМЕН ТАНЫСТЫ 19.08.2019 18:15

DSC_0120   2019 жылдың 19 тамыз күні «Ұлы Абайдың ізімен» ғылыми-танымдық экспедиция мүшелері Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне келіп Ұлы ақын DSC_0194 рухына тағзым етті.
Мәртебелі қонақтар Бас музей, «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейімен танысты. Экскурсия барысында Абайдың өлкетану музейіне тапсырған заттары, архивдеректері, Шыңғыстау өңірінің табиғаты мен тарихи жерлері бейнеленген белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары, «Жаз» DSC_0200 бөліміндегі этнографиялық жәдігерлерге аса қызығушылық танытты.
  Музей директоры Ж.Әубәкір келген қонақтарға музейдің баспа өнімдерін сыйға тартты. Тіл мамандары, тарихшылар, блогерлер, журналисттерден тұрған экспедиция DSC_0227 мүшелері Абайдың дана ойларына қатысты өз көзқарастарын айтып, пікірлерімен бөлісті.
  Барынша жан-жақты мәлімет алған қонақтар ізгі тілектерін айтып, Абай, Шәкәрім, М.Әуезовтің асыл қазынасын көпшілікке насихаттаудағы жемісті еңбектеріне табыс тілеп, зор алғыстарын білдірді.