АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«ӘЛ-ФАРАБИ – АБАЙ: РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕСІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ 18.02.2020 18:00

 86979266_827198917754543_2945545492798373888_n 18 ақпан Алматы қаласы Әл-Фараби орталығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-86669084_827198811087887_7090391303707426816_n мемориалдық қорық-музейі бірлесе ұлы ойшыл, философ әл-Фарабидің 1150, ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған «Әл-Фараби – Абай: рухани сабақтастық мәселесі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстелін өткізді. Шараға фарабитанушы, абайтанушы ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, 86702068_827198971087871_3943078516609777664_n магистранттар және БАҚ өкілдері қатысты.
  Шара барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің ғылыми хатшысы Р.Елекенова «Абай әлемі» тақырыбына тоқталып, музейдің тыныс-тіршілігі, ғылыми 86974349_827199014421200_7773941172841480192_n қоры, баспа өнімдерімен таныстырды. Сонымен қатар ұлы тұлғалардың өмірі мен бай мәдени шығармашылығына қатысты ғылым мен білім берудің әдіснамалық және практикалық мәселелері талқыланды.
  Мәдени шара барысында Әл-Фараби кітапханасының «Әл-Фараби» экспозициясы, Әл-Фараби кітапхана көрмесі, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің қорында сақталған Абай өмірі мен шығармашылығы бойынша «Абай әлемі» көрмесі, кітаптар мен қолжазбалар көрмесі таныстырылып, көрермендер назарына ұсынылды. Мәдени шараның соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.