Жақында Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық музейінде жазушы Ә.Кекілбаев пен
ақын Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған көрме ашылды.
Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Әбіш Кекілбаев және қазақтың ақын қызы, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған кітап көрмесінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар қамтылған.
Аталған көрмені қаламыздағы оқу орындарының студенттері мен оқушылары және қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады