АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ АБАЙ ӘЛЕМІНЕ АРНАЛДЫ 11.03.2020 12:30

Абай ауданы, Кеңгірбай би ауылдық округінде «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық» атты ауыл көркемөнерпаздарының әдеби-сазды кеші өтті. Кешке Жидебайдағы қорық меңгерушісі А.Ақболатов қатысып, жас Абай және ақын шәкірті Көкбай Жанатайұлы образдарын сомдады. 

ШҚО әкімі Д.Ахметовтың арнайы тапсырмасымен салынғанын бұл мәдениет үйінде өткен алғашқы мерекелік кеш екенін айта кеткіміз келеді.

Ауыл тұрғындары алғаш аяқ басқан сазды кеш соңында арнайы музей қызметкерлері «Абай мұрасы мәңгілік» жылжымалы көрме ұйымдастырып, ақын өмірі мен шығармашылығымен таныстырды.

      88357357_842127852928316_4398506931598131200_n      89036149_842127819594986_7688244403348963328_n

                                   88339895_842127902928311_5666956811584929792_n