name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN

  мешитҚазіргі уақытта имам Ахмет Ризаның мешіт-медресесі қалалық кешеннің аумағына кіреді. Шығыстың мұсылмандық дәріс орындарының үлгісімен жасалған экспозициясының медресе  залында бала Абайдың мүсіндік бейнесі орын алған. Қабырғадағы  суретте ақынның  медресе шәкіртінен кемеңгер ағартушыға дейін өткен жолы көрсетілген. Сөрелерде сол замандағы кітаптар, фотосуреттер, құжаттар орын алған. Араб, парсы, шағатай, түрік және татар тіліндегі көне  кітаптар - көрермендерді   қызықтырар жәдігерлер.

   Абай алғашқы білімін ауылдағы молладан  алса, он жасар кезінде медресеәкесі Абайды Семейге әкеліп Ғабдұлжаппар және имам Ахмет Ризаның медреселеріне оқуға береді. Медреседе Абай 1855-1859жж аралығында оқып, ислами білім алады. Араб, парсы, шағатай  тілдерін үйреніп, шығыстың философиялық ілімдері мен Шығыс ақындары: Низами, Науаи, Фирдоуси шығармаларымен осында таныс болады. Сонымен қатар, ұлы ақынның қалыптасуына үлкен ықпал еткен  Әл-Фарабидің музыка және білім жайлы трактаттарын оқиды.

  коран Кейін Абай медресе мен орыс мектебінен ары қарай оқуын жалғастырмағаны жайлы көп өкінген еді. Ел билеуші адамдардың балалары  Омбы кадет корпусы және Ресейдің басқа оқу орнындарында оқығаны жайлы біліп, оқуын жалғастыруды арман етті, бірақ әкесі қасына шақырып алды да, толыққанды білім ала алмады. Бірақ, Абай өмір бойы өз білімін жетілдірумен айналысқан еді.