АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN

Саят кора  «Шәкәрімнің саят қорасы» экспозициясы

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің бөлімі

(ШҚО, Абай ауданы )

Мекеме атауы: «Шәкәрімнің Саят қорасы» музейі, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі» РМҚК бөлімі.

Құрылу мерзімі: 2006 жыл. Шәкәрім Құдайбердіұлының 150-жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды.

Негізгі қызметі:

  • Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау;

- Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи-мәдени мұраларды сақтау, қорғау жұмыстарын жүргізу, оларды насихаттау.

Мекен-жайы: ШҚО, Абай ауданы, Кеңгірбай би ауылдық округі.

Экспозицияның жалпы көлемі: 119,8 ш.м.

   Жидебай қорығы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне қарайтын Жидебай мекенінде Семей қаласынан – 180 км қашықтықта орналасқан. Семей-Қарауыл тас жолының бойында Жидебайға бұрылатын жерде арнайы белгі қойылған. «Шәкәрімнің Саят қорасы» музейі Жидебай қорығында Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында 2006 жылы 16 қарашада ашылды. Музей ғимараты 2000 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұйрығымен салынған.

Саят қора – қазақ халқының ардақты ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының соңғы қонысы. Бұл жер ақынның елден жырақ кетіп, мәңгі өлмес туындыларын, тарихи-философиялық, поэзиялық шығармаларын дүниеге келтіруге арқау болған киелі жер.

Музей экспозициясы Қарабұлақ дөңі басындағы Шәкәрімнің Саят қорасының қазіргі қалдық қалпы. Қабырғалардың әрбір кірпіш үлгі сызбасы да негізге алынды. Экспозицияның ортасында Саят қораның шағын нұсқа-макеті қойылған. Бүкіл экспозиция сол ортадағы шағын шошаланың ұлғайтылған нұсқасы. Экспозиция Шәкәрім ақынның шығармашылық мұрасымен таныстырады.

2018 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай музейдің қосымша ғимараты оның тарихи нұсқасы бойынша қайта салынып, жылу жүйесі қалпына келтірілді. Музейге реэкспозиция жүргізіліп, ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жаңа тың деректермен, жәдігерлермен толықтырылды.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары

2018 жыл – ғимаратқа қосымша құрылыс салынды.