Өткен жылдың желтоқсан айында «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның президенті, Басқарма төрағасы Қанат Қалиұлы Алпысбаев мырзаға Абай музейі ұжымының ұйымдастыруымен жергілікті әкімшілік және қоғамдық ұйымдардың атынан «Алдағы, 2017 жылы әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы, кемеңгер жазушы, ұлт мақтанышы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толатынын ескере отырып, «Астана-Защита» бағытына қатынайтын №67/68 «Тұлпар-Тальго» поезын «Абай жолы» деп атауды сұраймыз» деген мазмұнда арнайы хат жолданған болатын-ды. Хатқа ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Т.Ибрагимов, «Абай» қорының президенті О.Кәрібжанов, Семей қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Көпбаев, республикалық «Абай» журналының бас редакторы М.Оспанов, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің А.Еспенбетов, А.Исин, М.Кәрімов, М.Түйебаев, М.Мұхамадиев тәрізді т.б. бір топ ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қол қойған.