АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN

ӘУБӘКІР ЖАНДОС МАҒАЗБЕКҰЛЫ

56347801_1208419816005916_392300848232792064_n   ӘУБӘКІР Жандос Мағазбекұлы - 1975 жылы 3 қазанда Семей қаласында дүниеге келген.

 1992 жылы Абай ауданындағы Көкбай атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірген.

 1992-1996 жылдары «Семей» мемлекеттік университетінде білім алып, үздік диплом иегері атанған.

 1996 жылдың бірінші қыркүйегінен қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушы, желтоқсан айынан аталған университеттің аспиранты.

2000-2001 жылы  Шәкәрім атындағы "Семей мемлекеттік университетінде  оқытушы.

2002-2003 жылы М.О.Әуезов атындағы Семей университеті күндізгі оқу бөлімі деканының орынбасары.

2003-2006 жылдары М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің әлеуметтік-экономикалық жұмыстар жөніндегі проректоры.

2006-2007 жылдары - М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры.

2007-2008 жылдары - М.О.Әуезов атындағы Семей университеті филология факультетінің деканы.

2008-2009 жылдары - М.О.Әуезов атындағы Семей университеті инновациялар және ЖОО-нан кейінгі оқыту Орталығының директоры.

2009-2010 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу Орталығының директоры.

2010-2015 жылдары Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры.

2015-2017 жылдары «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры.

20172018 жылдары «Қазқайтажаңарту» РМК–ның бас директоры лауазымында қызметтер атқарған.

2019 - жылы Білім және Ғылым министрлігі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері.

2019 жылдың 14 маусымынан Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры.

Қосымша мәліметтер:

1999 жылы ҚР ҒҰА жанындағы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Көкбай Жанатайұлының әдеби мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

2008 жылғы Қазақстан Республикасы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының;

2009 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» белгісінің;

2014 жылы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің  иегері.

2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен;.

2015 жылы «Құрмет» орденімен;

2016 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен;

2018 жылы «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.