АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN

Денис Тен туралы кітапты шетелден

1000000 адам жүктеп алды

АСЕМ ДЕНИС ТЕН ОБЛОЖКА (1)

 

 

Министр: Гранттан қағылған спортшылар мәселесін қараймыз

0C5085A5-4184-435D-ACFE-9BCE3B44ED2D_cx8_cy7_cw87_w1023_r1_s   Мәдениет және спорт министрлігі Алматыдағы Туризм және спорт академиясына грантқа ілінбей қалған талапкерлер мәселесін шешуді қарастырып жатыр. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер хабарлады.

  13 тамызда Алматыда ондаған ата-ана Туризм және спорт академиясына жиналып, балаларының спорттағы жетістіктеріне қарамастан грантқа ілінбей қалғанына наразылық танытқан еді. Ата-аналар "спортта еш жетістігі жоқ болса да" Ұлттық бірыңғай тесттен жоғары балл алған басқа талапкерлер грантқа ие болғанын айтқан.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, комиссия құрып, мәселені шешетіндерін айтты.

Оқи отырыңыз: Спортта ілгерілер грантсыз қалғанына наразы

Туризм жəне спорт академиясының проректоры Мұхтар Есқалиев биылғы жылға дейін негізгі конкурс жоғарғы дәрежедегі спортшылар, соңғы үш жылдағы халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында болғанын айтқан. "Негізгі конкурс осылардың арасында болатын да, спортқа қатысы бар жасөспірімдер оқуға түсетін. Биыл сол заңға өзгеріс енді де, жетістікке тек балы тең түскен жағдайда ғана басымдық берілетін болды. 2018 жылдың шілде айында "Білім туралы" заңның 26-бабы 5-тармағына тиісті өзгеріс енді. Яғни, енді жалпы білім беретін мектептердің түлектері, кім жоғарғы балл жинаса сол оқуға түсіп тұр", - деген Мұхтар Есқалиев.

Проректордың сөзінше, биыл республикада спортшыларды 42 жоғарғы оқу орны дайындайды, оларға жалпы 450 грант бөлінген.

Арыстанбек Мұхамедиұлы грантсыз қалған спортшыларға қатысты

пікірін айтты

   ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы еліміздің жоғары оқу орындарында мемлекеттік гранттарды бөлу кезінде спорттық жетістіктердің ескерілмеуіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өкінішке қарай, бұл мәселе Білім және ғылым министрлігінің құзырында, және әрине Мәдениет және спорт министрлігі қазіргі таңда жаңа заң әзірлеу жұмысына қатысуда. Біз бірінші кезекте Қазақстанды насихаттау үшін тер төгіп жүрген мықты спортшыларымыздың жақсы білім алауына мүдделіміз. Әрине, егер адам өзінің негізгі уақытын спортқа бағыттаса, ол тестілеуге толық дайын болмайды. Біз болашақта осы мәселелерді ескеруіміз керек. Себебі, бізге олардың еңбегін бағаламау әрине дұрыс емес», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Спорт күніне арналған шарадан кейін журналистерге берген сұхбатында.


Сондай-ақ, ведомство басшысы спортшыларға білімге ұмтылып, шеберлігін шыңдауға тырысқандары үшін алғысын айтты.

«Біз оларды қолдауымыз керек. Менің ойымша, біз жақын арада Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, комиссия құрып, қандай да бір консесусқа келуге тырысамыз. Қазіргі таңда біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Біз салалық министрлік (БҒМ) алдағы уақытта спорт пен өнердің ерекшіліктерін ескерсе дейміз», - деді министр.

Атап өтсек, жаңа ережелерге сәйкес Қазақ спорт және туризм академиясы түлектерді іріктеу кезінде Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесіне ғана сүйенеді. Бұған дейін абитуриент-спортшылар «ҰБТ-да жоғары балл алып, спортта жетістіктерге жетсек де, Спорт және туризм академиясында грантсыз қалдық» деп наразылық білдірген болатын.

Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт саласының қайраткерлерін марапаттады 

  Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт саласының қайраткерлерін арнайы наградалар және грамоталармен марапаттады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

  Елімізде жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні аталып өтеді. Биылғы мереке қарсаңында министр спорт саласының қайраткерлерін құттықтап, арнайы наградалар және грамоталармен марапаттады.

     «Сіздерді Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесімен құттықтаймын. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Тәуелсіздік жылдары ел спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымыз асқақтай түсуде. Баршаға белгілі, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев спортты дамытуға, салауатты өмір салтына айрықша мән береді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, тамаша спорттық дәстүрлерді сақтау адамгершілікке тәрбиелеуге, ұлт денсаулығын жақсартуға, өскелең ұрпақты шыңдауға тікелей әсер етеді. Спорт пен дене тәрбиесі тек денені ғана шынықтырып қоймай, рухты да шыңдайды. Ал, қоғамның тірегі болатын, оның іргесін бекітетін Сіз секілді жаны да, тәні де мықты азаматтар», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы салтанатты шарада.

  Ведомство басшысы құттықтау сөзінен кейін ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің бұйрығымен «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен барлығы 30-ға жуық азаматты марапаттады.

Грантқа түсе алмаған чемпиондар мәселесі: Арыстанбек Мұxамедиұлы пікір білдірді

  20170207113058АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы спортта жетістігі бар жастарды жоғары оқу орнына қабылдауға қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өкінішке қарай, аталған мәселе білім және ғылым министрлігінің құзіретіне жатады. Дегенмен, біз спортта жетістігі бар жастар лайықты білім алулары қажет деп санаймыз. Себебі олар елімізді xалықаралық дәрежеде насиxаттап жүр. Бұл жерде бір нәрсені түсіну керек, адам бар күш-жігерін спортқа салып жатса, тестке дайындалуға уақыты болмайды, қолы тимейді. Төмен көрсеткіштер де содан. Сол себепті алдағы уақытта біз осы мәселені ескеруіміз керек. Ондай азаматтардың еңбегіне құрметпен қарау қажет. Олардың жоғары білім алуға деген құлшынысы мені қатты қуантады. Спортшылар өз шеберлігін, өз білімін шыңдауға тырысып жатыр. Осыны қолдауымыз қажет», - деді А.Мұxамедиұлы журналистерге берген сұxбатында. Министрдің айтуынша, алдағы уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге арнайы комиссияны құру жоспарлануда. Негізгі мақсат - барлық келіспеушіліктерді реттеп отыру. «Біз қол қусырып отырған жоқпыз. Тиісті жұмысты атқарып жатырмыз. Осы мәселені абыроймен шешуіміз керек. Негізі, құзіретті мемлекеттік органдар спорттың ғана емес, өнердің де, мәдениеттің де өзіндік ерекшеліктерін ескерсе екен дейміз», - деп атап көрсетті А.Мұxамедиұлы. Айта кетейік, биыл спортта жетістігі бар көптеген жастар грантқа іліге алмай қалды. Олар осы саладағы бас жоғары оқу орны - Қазақ спорт және туризм академиясына құжат тапсырған. Алайда тегін оқуға түсе алмады. Себебі ағымдағы жылдан бастап мемлекеттік тапсырысты тарату заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, грант тағайындау кезінде тек ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі ғана ескеріледі. Ал екі талапкер бірдей ұпай жинаса, спорт жетістіктеріне басымдық беріледі.

Еліміздің спорт саласына еңбегі сіңген азаматтар марапатталды

  1 Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетеді. Әсіресе жас буынға үміт зор. Бұл Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының сенімді болжамы. Министр тек жаңадан енген спорт түрлері ғана жалпы нәтижеге әсер етуі мүмкін дейді. Бүгін жылдағы дәстүрмен спорт күні қарсаңында ведомство басшысы салаға еңбегі сіңген азаматтарды құттықтап, арнайы төсбелгілермен марапаттады. Биыл 30-ға жуық адам «Құрметті спорт қызметкері», «Дене шынықтыру мен спортқа сіңірген еңбегі үшін»  медаль және құрмет грамоталарына ие болды. Жақсылық Үшкемпіров, Қазақстанның Еңбек Ері: - Қазіргі жағдайда қай елдің спорты мықты болса, сол ел мықты деп бүкіл әлемге жайылады. Сондықтан біздің Қазақстандағы спортшыларға спорт ардагерлеріне жанкүйерлеріме тілейтінім осы спорттағы жетістіктеріне бәріміз де бірдей қуана білуіміз керек. Қазақстанның спорты әрқашанда алда болу керек. Оныі бәрі өзімізге байланысты. Осы категория бойынша: « «Астана» Чемпиондар Лигасынан шығып қалды Ақтөбе облысында 140 ойын алаңы салынады » 281 Осы тақырып бойынша

МҰХАМЕДИҰЛЫ ҺӘМ ШЫНАЙЫ БОЛМЫС

Ф  Жетісудың жеті өзенінің бірі - сұлу Лепсі. Жыландай ирелеңдеп ағып жатқан осы бір сұлу судың бастауы бауырында тарихи Үйгентасты басқан көк жайлаудан басталып, Балқашқа қарай ентелеп ағады. Құзар шыңдар аспанға қарай ұмсынады. Басынан қар мен  бұлт арылмаған асқар тау "мықты болсаң, маған кел" деп қол бұлғайды.  Жұрт Жамантас атаған сына жазулы тас қамал шоқылар да ішіне бүккен сан сырды ашқысы келетіндей ме, қалай?

  Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақы шапан, құндыз бөрік киіп, ақ боз атқа қонғанда ішЫімде әлдебір жүрексіну сезімі тулап жатты. "Қазақтың эко-туризмін дамытуға үлес қосып, үлгі боламын" деп ұзақ жолға атпен шыққалы тұрған ізгі ниетке жете алмаса, қалай болмақ? Өмірі аттың үстінде жүрген адамның өзін жолсоқты ететін тау-тасты өлкеге салт жүруге екінің бірінің жүрегі дауаламайды.

  Бізге, қолына қалам ұстаған қауымға қызық керек.

  Министріміз кабинеттен жиі шығып, сенбі-жексенбі сайын ел аралайтынды әдет еткелі құлағымыз тіпті елеңдеп тұратын болды. Мұхамедиұлының өткенде ғана Алакөлде дуатлон сайысын өткізіп, жиырма шақырым жерді шайтанарбамен жүріп өткенінде "енді атқа мініп, еліміздегі эко-туризмнің дамуына ықпал етсек" деп қалған болатын. Министрдің сөзін белгілі кәсіпкер Бауыржан Оспанов қолдай кетіп, "бізде ат та, эко-туризмді дамытуға болатын көрікті жер де бар" деді.

Әрине, адам болған соң, сөз айтылады. Айтылған сөз сол жерде қалатын кезі одан да көп.

Министр Мұхамедиұлы да, кәсіпкер Оспанов та сөздің емес, істің адамы екен.

  Бауыржан Оспанов Алакөлден тікелей Лепсіге тартады. Колхоз-совхоз кезінен кейін жөндеу көрмеген жайлауға апаратын ескі 90 шақырымдық қара жолға тас төсетіп, жауын-шашын жырып кеткен жыраларды тегістеп, екі аптаның ішінде шекараның өтінде тұрған мекеннің тамырына қан жүгіртіп үлгеріпті. Солай қазірдің өзінде Бауыржан байдың (Оспановты айтып отырмыз) 5 мың жылқысы жайылған қан жайлауға жол түскен соң, ол көрікті, көркем өлкеге енді малшылар ғана емес, кез-келген адамның қыдырып баруына жол ашылды.

  Соңғы жылдарда көп ешкімнің табаны тиемеген тұма-табиғат қыздай сыланып тұр. Қарағай мен аршасы сыңсып ән айтып, тау бүлдіргені ат тұяғын бояйтын, уқорғасыны жер бауырлап, ақшабұлттары көк бауырлап көздің тоятын тойдыратын жайлауға барып, бал қымызды таңдайға сіңіру қазір әр қазақтың арманы емес пе? Сол арман орындалар күн таяпты

Теңіз деңгейінен 2 500 метр биіктікте жатқан осы бір мұқым қазаққа әлі де белгілі бола қоймаған, эко-туризмге сұранып тұрған өлкенің шымылдығын ашуға министр Мұхамедиұлы мен кәсіпкер Оспановпен бірге «Қазмұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омаров, Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев,  кәсіпкер Эдуард Ким, Қазақстанның грек-рим және еркін күрес федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай бастаған шенділер мен әйгілі спортшыларымыз - бокстан олимпиада чемпионы, Олимпиада-2004 Вэл Баркер Кубогы иегері, Astana Arlans бокс клубының менеджері Бақтияр Артаев, боксшы Қанат Ислам, грек-рим күресінен Олимпиада-2008 күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, ММА чемпиондары Қайрат Ахметов пен Арман Оспанов сынды кіл мықтылар атпен жолға шықты.

Мұхамедиұлының жеткіншек баласы да бір атты таңдап мініп жатты.

Оспановтың көзінің қарашығындай қос ұлы да әкелерден қалмаймыз деп бір-бір Қамбар атаның түлігінің тізгініне жармасты.

Осы қалың топтың артынан қолына қыран-бүркіті мен құмай-тазыларын ерткен Алматы облысының аңшылары ілесті.

Ал, біз журналистер тобы жол талғамайтын көліктермен тауға қарай ырғала қозғалып кеттік.

Спортшылар талай жаттығуда ысылған. Біздің басты назарымыз - шенеуніктерде. Қайсысы бірінші сыр береді екен? Қайсысы орта жолдан журналистердің сапына қосылады екен?

Қазақы қаны бар ат үстіндегі әр азаматқа қызыға қараймыз. Негізгі нысанамыз - Мұхамедиұлы. Есікпен төрдей ақ боз ат өзгелерден оқ бойы озық жүремін деп, алға қарай ентелейді. Тізгінмен алысқан министр он шақты шақырым өткеннен соң, аттың басын қоя берді. Арындай шапқылаған ат жарты жолға келгенде болдырып, министрдің ат ауыстыруына тура келді.

Жүрісі бар, желісі бар, шабысы бар, сәл-сәл тынығып алар демалысы бар, тура бес сағат уақыт ат үстінде елу шақырым жерді аталған топ жүріп өтті.

Министр Мұхамедиұлы рухани жаңғырудың жолы - ұлттық салт-санаға оралудан бастау керектігі тұрғысында журналистерге сұхбат беріп жатыр. Маңдайдан шыққан шып-шып терін сүртіп қояды. Балаша қуанып, күлімдегенде тісі жарқ-жұрқ етеді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мәдениет және спорт министрі:

- Біздің басты мақсатымыз - Елбасымыз айтқан "Рухани жаңғыру" аясында ата-бабадан келе жатқан көне дәстүрімізді жаңғырту. Екінші мақсат - ата-баба дәстүрін дүние жүзіне таныстыру. Үшінші мақсат - Қазақстанның туристік әлеуетін бүкіл елге көрсету. Неге біз жер жаннаты Жетісуды, асқар шыңды Алтайды, қасиетті Бекет атаны әлемге танытпауымыз керек. Мен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында осы шараны ұйымдастырып жатқан барша азаматтарға алғыс айтқым келеді. Елу шақырым жерді атпен жүріп өту - мен үшін үлкен қуаныш. Елбасы "Ұлы ел - ұлы мақсатқа ғана ұмтылуы керек" деп жиі айтады. Сол себепті, "дүниежүзі туристері бізге келсін, қазақтың қасиетті жерін көрсін" деген мақсатты алға қою керек. Қазақтың аттарының мықтылығын қараңыз. Аттардың дені елу шақырым жерді бір рет те тоқтамай жүріп өтті. Тек алға ұмтылады. Біз де дәл солай шаршамай биіктерге ұмытлуға тиіспіз. Жоғарыға талпынған сайын - адам рухани кемелдене түседі. 

Бауыржан Оспанов, кәсіпкер-меценат: 

- Елбасының "Рухани жаңғыру"  бағдарламасына қолдау  мақсатында осыдан екі апта бұрын Алакөлде Дуатлон сайысы өткен еді. Бүгінгі шара соның заңды жалғасы. Алакөл ауданында өздеріңіз көріп отырғандай көркем жерлердің бар екенін, туризмнің үлкен маршурттарын ашуға болатынын көрсеткіміз келді. Қазір осы Жамантас жайлауында түйе мен сиырды қоспағанның өзінде бес мыңнан аса жылқымыз бар. Алакөлде мұндай жайлаулар жетерлік. Олар бұрын Кеңестік кезеңде үш-төрт ауданның малы жайлайтын жайлаулар еді. Осының бәрін малға толтыру мақсатымыз бар. Әр жайлауда кемі 10 мың жылқы бағуға болады. Біз арнайы мамандармен бірлесіп, баяғы ата-бабамыздың үлгісімен малды жаз жайлауда, қыс қыстауда бағуды жолға қойғымыз келеді. Тебіндегі малдың еті құнарлы болады. Қазақстан бүкіл әлемдік нарықты етпен қамтуға мүмкіндігі бар. Болашақта бизнесімізді осы бағытқа қарай бұруды ойлап отырмыз. Осы жоспардың аясына туризм саласын да дамытуға болады. Туризм деген дамыған елдерде экономиканың іргелі саласы. Шет елдерге барған сайын олардың сұлу жерлерінің Қазақстанға жетпейтінін байқаймын. Сондықтан да мұндай жерлерді баршаға жақынырақ таныту бізге міндет болуы керек деп ойлап, осы жұмысты қолға алып отырмыз. Атпен жүру - денсаулыққа да пайдалы. Табиғаттың таза тұруына да ықпал етеді. Бұл қазіргі жастарға да - жақсы үлгі боларлық іс деп ойлаймын. Елу шақырымдық жолды атпен жүріп өткен жігіттер "әлі шаршамадық, көкпар тартамыз" деп жатыр. Оны да көзбен көресіздер. 

Қош! Лепсі - эко-туризмнің қантамыры болуға жарайтын-ақ жер екен. Оған Бауыржандай баласы білек сыбана кіріссе, ертең-ақ айымыз оңынан тууы мүмкін.

Бірақ, әлі толықтай қолға алынбаған іске мақтау айтуды доғара тұруды жөн көріп отырмыз.

Қытай мен Қазақстанның өтінде тұрған Жамантас жайлауын әншілер әнге бөлеп жатыр. Дүбірлеп көкпар тартқан жігіттердің қиқуы құлақ тұндырады. Бауыржан байдың жылқысының тұяқ дүбірі бізді ескі дәуірлерге жетелеп бара жатқан сияқты. Жалпиып жатқан Жоңғар Алатауы "тағы да келесіңдер ме?" дегендей бізге көз сата қарайды. Біздің де осы тауда қимасымыз қалып бара жатқан сияқты.

Мұхамедиұлының жарқын дауысы әлсін-әлсін құлаққа жетеді. Көз алдымда баладай қол шапалақтап қуанып жүрген министрдің бейнесі кетер емес. Шынайы болмыстың мәнін шынайы табиғатқа шыққанда ғана түсінуге болатын сияқты ма, қалай өзі?!

Қ.Бірлікұлы

Суреттерді түсірген Жеңіс Ысқабай

Алматы - Лепсі - Жамантас - Алматы

 

СЕМЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ «АСТАНА 20 ЖЫЛ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

 DSC_3246 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлы Семей қаласының мәдениет және өнер қайраткерлерін «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

  Қазақ елінің Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған «АстанDSC_3266а 20 жыл» мерекелік медалімен жазушы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы, әуезовтанушы, шежіреші Исабаев Бекен Исабайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР білім саласының үздігі Малаев Серік Рамазанұлы, тарихшы, зерттеуші Теміров Бекен Нұғыманұлы, Абайдың «DSC_3277Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің бас суретшісі Баркенов Алтынбек Жұмабайұлы марапатталды.

  Бүгінгі күні Астана қаласы елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің айбары болып отыр. Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хDSC_3328атшысы Қуатжан Серікқазыұлының арнайы қатысуымен марапатталып отырған мәдениет және өнер саласының майталмандары тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, өз саласының қарыштап дамуына үлкен үлес қосып отырған қызметкерлердің бірі әрі бірегейі екені анық. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұжымы атынан марапатқа лайық тұлғалар мен қызметкерлерді шын жүректен құттықтаймыз.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

қорық-музейінің баспасөз қызметі