name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN

    111Бөрілі - Әуез әулетінің ата мекен  қоныс- қыстауы. Әуездің сұрауы бойынша Абайдың рұқсатымен Шыңғыстаудағы Қызылшоқыдан көшіп  келіп қоныстанған. Абайдың әкесі – Құнанбай - Әуездің күйеу баласы. Оның  әйелі Нұрғаным  Әуездің қарындасы. Осындай туыстық сыйластық қарым-қатынасты  ұрпақтары да жалғастырды. Абай мен Әуездің бір-біріне жиі қатынасып тұрғаны белгілі. Қыстаулары да жақын 3-3,5км аралығында орналасқан еді. Сол себепті Әуездің немересі – Мұхтар 1897 жылы 28 қыркүйекте Аяққараған деген жерде дүниеге келгенде Абай жасы үлкен досының қуанышына ортақ болған-ды.

   Аяққараған мен Бөрілі – қазақ әдебиетінің классигі, Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың лауреаты, абайтанудың негізін салушы, әлемге әйгілі  жазушы Мұхтар Әуезовтың ата қонысы ретінде қадірлі жерлер. 

   Үш жағынан жықпылды сай жоталарымен көмкерілген Бөрілі алқабы киіз үйге ұқсайды. Қара жырық,22  Тасқұдық, Қара биіктің баурайлары, солтүстік – батысындағы шоқылар мен қалың қараған осы алқапты  жиектеп жатыр. 

   Эпопеяның көптеген беттерінде жазушы  өзінің  «Мұңлы қоңыр туған анам, туған жерім Бөріліні...»  үлкен бір сүйіспеншілікпен суреттейді.  Туған жерін сипаттаған осы бір жолдардан  күннің күркірегені мен жел үні, боран мен қасқырдың ұлығаны, жас қозы, лақ, бота, құлынның дауыстарының иттердің үргені   естілгендей әсер аласың.


   М.Әуезов   «Әлем әдебиетінің кітапханасы» сериясына кірген 2 томдық  «Абай жолы» роман-эпопеясымен әлемге танылған жазушы. « «Абай» эпопеясы – бұл біздің көркем және әлеуметтік энциклопедиямыз. Біздің ортақ мандатымыз. Евразияның байтақ кеңістігінде өткен уақыттар үшін, қайғы-қасіреті мол тарихымызды басымыздан өткергеніміз үшін, өзіміздің құндылықтар жүйесі мен көркем және адамгершілік әлемімізді құрғанымыз үшін, көшпенділер мәдениеті үшін, өз ақындық сөзіміз үшін берген есебіміз...Әуезов бізді осы тұрғыда тарихи-көркем қабілеттіліктің әлемдік деңгейіне дейін көтерді,» - деп жазады  Шыңғыс                                                   Айтматов.               

44

   Бөрілі – М.Әуезовтың балалық және жастық шағының алтын бесігі. Осынау жерде ол өмір алғаш дәмін татты. Бұл жердің әр сүйемі жазушының балалық шағының әсерлерін, іздерін  сақтауда.  Бұл жерде ол адамгершіліктің алғашқы сабақтарын алды. «Қара сөздер» арқылы  Абай даналығына алғаш ойын өрістетті. Жазушы Абай туыстары мен балалары – Турағұл, Мекаил, Ізкаил, Кәмилә мен Ақылбай балаларымен қатар өсті.   

55

   Бозбалалық, жастық шағында дала саздары оның жан-дүниесін сүйіспеншілік  сезімімен кернейді.  Алтыбақан әндері, айлы түнгі  ойындар, алғашқы махаббат... Бөріліде жас Мұхтар алғашқы отауын тігіп,  тұңғыш қызы Мұғамилә дүниеге келді. Бөріліде  алғаш жақын,  қадірлі адамдарының : атасының, әке-шешесінің, ағасы Қасымбек пен жеңгесі Ғалияның қазасын бастан өткерді.  

 

66    Бөріліден  жас Мұхтар білім соңында Семейге жолға шықты. Қалаға келіп алдыңғы қатарлы  зиялы қауым  өкілдерімен танысты,  кейіннен  солармен бірге болашақ тәуелсіз мемлекеттің  жаңа  мәдениетінің негізін қалау үшін күрес жүргізді.  Ж.Аймауытовпен бірге  «Таң», «Сарыарқа», «Абай», «Қазақ тілі» газет-журналдарының ұйымдастырылуына қатысты. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,  Ә.Ермеков, Б.Сәрсенов, Ш.Құдайбердиев, Т.Құнанбаев, Х.Досмұхаметов және т.б. қайраткерлермен болашақ мемлекеттің жаңа мәдениеті, ғылымы, ағарту саласының қалыптасу жұмыстарына араласты.

      Қазақтың  алғаш драмасы  - «Еңлік - Кебек»   Бөріліде туындады. Қазақ театрының төл


басы болған бұл туынды Ойқұдықта 1917 жылы маусым айында иіндестіріліп тігілген қос киіз үйде қойылды.  

   М.Әуезов туған жеріне соңғы рет өзінің 60-жылдық мерейтойы кезінде келді. Сол соңғы  келген сапарында жерлестерінің алдында  сөйлеген сөзінің  таспа жазбасы  мұражай қорында сақталуда. Көп жылдан кейін  жерлестерімен қауышқан жазушының үлкен толқыныс үстіндегі көңіл-күйін  осы таспадағы дауыс үн толқынынан сезуге болады.

88

Мұражай-үйдің экспозициясы жазушының 90-жылдық мерейтойына  орай ашылды.

   1987 жылдан бастап Бөрілідегі жазушының мұражай-үйі  Абай  мұражайының бөлімі  болып келеді. «Омархан – Нұржамал» кесенесі 1997 жылы  салынды. Кесене жобасының авторы – сәулетші Бек Ибраев,  орындаушы -  Нұрлан Назарбеков. Ішкі безендіру жұмыстарын жүргізген  «Ел дана» кәсіпорнының шеберлері.