name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN

Қос жүлде 

  IMG-20170425-WA0003Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіндегі «Абай» өнер мектебінің «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің оқушылары қалалық сайыстарға қатысып, өз шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеп шықты.

  19-21 сәуір аралығында Семей қаласының жалпы білім беретін № 17 мектепте оқушылар арасында тоғызқұмалақтан қалалық спартакиада өтті. Спартакиадаға «Абай» өнер мектебінің тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысушы №11 мектеп оқушылары Кокамбекова Қарлығаш, Жанпеисова Амина, Досан Еркебұлан қатысты. Жарысқа қала мектептерінен 30 команда қатысып, «Абай» өнер мектебі оқушылары оқ бойы озып шығып, командалық II-орынды иеленді.

  21-22 сәуір аралығында Семей қаласының спорттық шеберлік мектебінде «1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі» күніне арналған дойбыдан оқушылар арасындағы қалалық жарыста да «Абай» өнер IMG-20170425-WA0002мектебінің тәрбиеленушілері өз шеберліктерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Боранғали Әйгерім, Мерей Сарқытов, Дарын Уалхан тартысты ойын көрсетіп, командалық I-орынды жеңіп алды.

  Осылайша, «Абай» өнер мектебінің оқушылары өз қабілеттерін көрсетіп, қала бойынша екі бірдей жүлдені өз қоржындарына салды.

  Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, жаңа додаларда топ жаруларына тілектеспіз.                                                                                

 

Облыстық чемпионат жүлдегері 

  IMG-20170328-WA0009Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайындағы «Абай» өнер мектебінің «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің оқушылары қалалық, облыстық сайыстарға қатысып, өз қабілеттерін шыңдап, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр.

  17-21 наурыз аралығында Өскемен қаласында «Алашорда қозғалысының 100 жылдығына» орай ұйымдастырылған дойбыдан облыстық чемпионатқа қатысқан Боранғали Айгерім үлкен жетістікке жетіп отыр. Ол чемпионатқа қатысқан қарсыластарына ұтымды ойын көрсетіп, жүлделі I орынды иеленді.

   Айгерім, жеңісің құтты болсын. Болашақта бұдан да биік шыңдарды бағындыруыңа тілектеспіз.

 

«Абай» өнер мектебінің өрендеріне сәттілік

  IMG-20170223-WA001024-26 ақпан аралығында облыстық Абай кітапханасында   Шығыс Қазақстан облысы бойынша жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтеді. Осы атаулы сайыста  «Абай» өнер мектебінің тоғызқұмалақ үйірме жаттықтырушысыIMG-20170223-WA0012 Алтынбек Болатұлы өз шәкірттерін жарыс жолына қоспақ.

  Үйірме шәкірттері жетекшілерімен бірге алдағы сайысқа тиянақты дайындалуда.

  Үш күнге ұласатын тоғызқұмалақ  сайысына қатысатын «Абай» өнер мектебі үйірмесінің шәкірттері №11  мектеп оқушылары А.Жанпейісова, Ә.Назымбек,  М.Сарқытовтарға  жарыс жолында  ақжол  тілейміз.

 

«АБАЙ» ӨНЕР МЕКТЕБІНДЕ АШЫЛҒАН

ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨРМЕСІ

  2017 жылдың 15 ақпан күні Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының «Абай» өнер мектебінде Н.Г.Чернышевский атындағы №1 мектеп оқушыларының «Степей бескрайних бархатный ковер» атты қолөнер туындыларының көрмесі өтті.

  DSC_0513Көрменің мақсаты: Оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, шәкірттердің шеберлігін көрсету. Мұражай мен мектеп арасындағы байланысты дамыту.

  «Абай» өнер мектебінің қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, оқушыны кәсіби дарындылыққа, іздемпаздыққа, іскерлікке, адамгершілік дүниетанымын қалыптастыруға үйретеді. Қолөнер бұйымдарын жасаумен қатар ұлттық тәлім-тәрбие береді.

  Абай қорық-мұражайы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева құттықтау сөзDSC_0554 сөйлеп, көрме жұмысына сәттілік тіледі.

  Көрмеде оқушылардың мата, түрлі-түсті қағаздан, моншақпен кестелеу жұмыстары, тоқыма, ағаш және т.б. қолөнер туындылары орын алған. Сонымен қатар, шара барысында Ә.Қашаубаев атындағы конкурстың лауреаты Қ.Асхан Абайдың «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ» әндерін орындады. Мектеп оқушылары да өз өнерлерін ортаға салды.

  Көрменің ашылу салтанатына музей қызметкерлері, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар қатысты. 

 

«Абай» өнер мектебінің мәнерлеп оқу үйірмесінің кезекті сабағы

Сабақ тақырыбы.:   «Абайдың табиғат лирикасы»

 

 

  Сабақ мақсаты: оқушыларға Абай өлеңдерін барынша терең меңгерту, жатқа айту, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп, көркем образды аша білуге, қазақ тілінде таза сөйлеуге, тек қана мәнерлеп оқуға  ғана емес, оның барлық деталін, көркемдік бейнесін жаңа қырынан ашу.

  Тәрбиелік: олардың поэзияға, табиғатқа  деген оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру.

  Дамытушылық: Шығармашылықпен жұмыс істеуге  ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

  Үй тапсырмасы: Абайдың табиғат тақырыбына жазылған өлеңдерін жаттап келу.

«Абай» өнер мектебінің

оқушылары тағы да жеңімпаз атанды 

  IMG-20170203-WA00192017 жылдың 1-2 ақпанында спорт шеберлік мектебінде дойбыдан сан мәрте чемпион атанған Мұратбек Матаевты еске алуға арналған оқушылар арасында дойбыдан жарыс өтті. Осы жарысқа «Абай» өнер мектебінен М.Рамазанов, Н.Аубакиров, А.Тұнғатарова, М.Сарқытов, М.Ардақова, А.Ерғали, Ә.БоранғалиIMG-20170203-WA0018 қатысты.

  Жарыс екі күнге созылды. Қатысқан оқушылар арасынан Ә.Боранғали І-орын, ІІ-орын Н.Аубакиров, А.Тунгатарова  иеленіп жеңімпаз атанды.

  «Абай» өнер мектебінің тоғызқұмалақ, дойбы үйірмелерінің жаттықтырушысы  Құсайынов Алтынбек Болатұлы тәрбиелеп отырған шәкірттерінің жеңістерімен шын жүректен құттықтап Абайдың киелі шаңырағының атын асқақтата берулеріңе тілектестік білдіреміз.

Мәнерлеп оқу үйірмесінің кезекті сабағы өтті

  IMG-20161222-WA0004Желтоқсанның 21-ші жұлдызында  ақын С.Қажытаев  «Абай» өнер мектебінің мәнерлеп оқу үйірмесінің кезекті сабағын жүргізді. Сабақта үй тапсырмасы тексеріліп. Оқушылардың өлең оқуы, дауысы, дикциясын қоюы, эмоциясы тексерілді. МәнерлепIMG-20161222-WA0005 оқу үйірмесі оқушылардың әдеби көркем шығарманың мағынасын түсінуге, өлеңді нақышына келтіріп оқуға дағдыландырады.Үйге оқушылардың сүйіп оқитын ақындарының өлеңін жатқа айтып беру тапсырылды.

  Мәнерлеп оқу үйірмесіне қатысам деген оқушылар аптаның жұма күні сағат 15-00 келуіне болады.

 

«Абай» өнер мектебінің оқушылары дойбыдан жеңімпаз атанды 

  IMG-20161220-WA00072016 жылғы 15 желтоқсанда Семей қаласының спорт шеберлігі мектебінде дойбыдан ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған оқушылар арасында жарыс өтті. Жарыста «Абай» өнер мектебінің тоғызқұмалақ, дойбы үйірмесінің жаттықтырушысыIMG-20161220-WA0006 А.Құсайыновтың шәкірттерінің арасынан Рамазан Мақсат ІІ орынды иеленді.

  «Абай» өнер мектебінің тоғызқұмалақ, дойбы үйірмесінің жаттықтырушысы Құсайынов Алтынбек Болатұлының тәрбиелеп отырған шәкірттеріне алдағы уақытта да жолдары жеңісті болсын демекпіз.

 

«Абай» өнер мектебінде жас ақындар тәлім алуда 

   DSC_0009Бүгінде ақындық өнерді биік ұстап, «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» - деп ұлы Абайдың ізін басып, сөз мәйегін түсінер, жырдан маржан терген, жүрегінде оты бар қаламыздың мектептерінен поэзияға жаны жақын оқушылармен ақын С.Қажытаев  «Абай» өнер мектебінде кезекті сабағын өткізді. Сабақ барысында3333333 оқушылардың сөздік қорын, сөз саптауын байқап, оқушылардың жазған өлеңдерін оқытты. Келесі сабақта қыс мезгіліне арнап өлең жазып келу тапсырылды. Сабақ соңында мұражай қызметкерлері «Абай» өнер мектебіндегі Т.Аманов атындағы №16 орта мектебінің «Тәуелсіздік – Мәңгілік ел тұғыры» атты көрмені және Абай музейі экспозициясымен танысты.

 

«Балалар мен жастар шығармашылық сарайында» қалалық жасөспірімдер

арасында командалық жарыс өтті. 

 
IMG-20161213-WA0012«Абай» өнер мектебінің тоғызқұмалақ үйірмесінің оқушылары желтоқсанның 11 жұлдызында «Балалар мен жастар шығармашылық сарайында» қалалық жасөспірімдер арасында командалық жарысқа қатысты. Бұл жарыста тоғызқұмалақ үйірмесінен сабақ алып жүрген М.Сарқытов, Е.Қалдықанов, Е.Досан, Д.Омаров, А.Жампейісова командалық есеппен ІІ орын алды.

  «Абай» өнер мектебінің шәкірттерін алған күміс медальдарымен құттықтаймыз!

 

«Абай» өнер мектебінің мәнерлеп оқу үйірмесінің

кезекті сабағы өтті

   DSC_0002Желтоқсанның 7-ші жұлдызында ақын С.Қажытаев  «Абай» өнер мектебінің мәнерлеп оқу үйірмесінің кезекті сабағын жүргізді. Сабақтың барысында оқушыларға сахна мәдениетін, жүріс-тұрыс, өлең оқу, интонацияны дұрыс қоя білуге үйретті.
 Оқушылардың дауыс ырғақтары  сабақ барысында тексерілді. Келесі сабаққа образ, фондық музыка тауып келу және кез-келген ақынның өлеңін жаттап келу тапсырылды.  Мәнерлеп оқу үйірмесі оқушылардың әдеби көркем шығарманың мағынасын түсінуге, өлеңді нақышына келтіріп оқуға, рухани дүниесін байытуға, қазақ тілі мен әдебиет пәніне
деген қызығушылығын арттырады.

         IMG-20161208-WA0004    IMG-20161207-WA0007

«Абай» өнер мектебінің шәкіттері қалалық жарысқа қатысты 

IMG-20161205-WA0005Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында 2016 жылдың 20 қаңтарында ашылған «Абай» өнер мектебі өз жұмысын үш бағытта жүргізуде.

Мектеп тәрбиеленушілері қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны - тоғызқұмалақты үйреніп, жарыстарда  жүлделі орындарды иеленіп келеді. Бүгінгі таңда тоғызқұмалақ ойынын жандандыру мақсатында жаттықтырушы А.Б.ҚұсайыновIMG-20161205-WA0004 «Абай» өнер мектебінде өз шәкірттерін үйретуде.

20 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жас өспірімдер арасында өткен қалалық чемпионатында А.Құсайыновтың шәкірті Е.Қалдықан ІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы  А.Құсайыновқа тәрбиелеп отырған шәкірттерінің  алда да жетістіктері көп болсын демекпіз. 

Тоғызқұмалақ жарысы бойынша 

  23 тамыз - Абай Кұнанбайұлының туған күніне ұлы ақын құмартып ойнаған тоғызқұмалақтанШығысаймақтық жекелей біріншілік  өтті. Шараға 16 ойыншы қатысты. Ойын айналмалы жүйемен жүргізілді. Соңғы тур нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Тоғызқұмалақ ойынының төрешісі - «Абай» өнер мектебінің жаттықтырушысы М.Оқасов болды.

 

Тоғызқұмалақтан топ жарып жүлделі орын иеленгендер:

Ерлер арасында:                                      Әйелдер арасында:

 

І орын –  Л.Парфиевич                   І орын – Қ.Қоқамбаева

ІІ орын – Н.Аханов                        ІІ  орын – Ә.Думанқызы

ІІІ орын – А.Құсайынов                  ІІІ орын – Г.Тұрарова

Жеңімпаздар бағалы сыйлық және дипломдармен марапатталды.

           DSC_0377   DSC_0382

 

 

Абай мұражайында өткен дойбы жарысы  

  23 тамыз – Абай Құнанбайұлының туған күніне Абай мұражайында дойбыдан Шығыс аймақтық жекелей біріншілік өткізілді. Жарысқа Өскемен, Зайсан, Бесқарағай және Семей қаласының шебер ойыншылары қатысты. Дойбышылардың арасында танымал ардагерлер, екі спорт шебері, сегіз спорт шеберіне үміткер ойыншылар түгел жиналды. Ойынның бас төрешісі, Абай мұражайының жанынан құрылған  «Абай» өнер мектебінің жаттықтырушысы М.Оқасов және ардагер дойбышы Д.Таукенов басқарды. Жарысқа жиыны 20 ойыншы қатысты. Ойын айналмалы жүйемен жүргізілді. Соңғы турда жеңімпаздар анықталды.

Дойбы ойынынан топ жарып жүлделі орын иеленгендер:

Дойбы ойынының шеберлері арасында:   

 І орын – М.Рахымбаев (Семей )

 ІІ орын - А.Ибрайымов (Өскемен)

 ІІІ орын – Т.Рахымжанов (Семей

Баптағы ойыншылар арасында:

 І орын – С.Смотров

 ІІ орын – С.Амрин

 ІІІ орын – Н.Медеуова

Жеңімпаздар бағалы сыйлық және дипломдармен марапатталды.

           DSC_0174    DSC_0178 

Абай Құнанбайұлының туған күні - 23 тамызға

арналған тоғызқұмалақтан Абай мұражайының

жанындағы «Абай» өнер мектебінде Шығыс аймақтық

жекелей біріншілігін өткізу ережесі 

  1. 1.     Жарыстың мақсаттары мен міндеттері:

-Ұлы ақынға тағзым:

-Тоғызқұмалақтан ойнауға баулу;

- Салауатты өмір сүру салтын насихаттау;

- Ересектер арасында үздік дойбышыларды анықтау;

  1. 2.     Өтетін орны мен уақыты

Жарыс 2016 жылғы тамыз айының 23-байдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық- мұражайы» әкімшілігі бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі.

  1. 4.     Ойын ережелері.

Жарыс рапид – жылдам ойнау компьютерлік жеті турлық швейцар жүйесімен жүргізіледі. Әрбір ойыншыға 25 минуттан, жалпы әрбір тур 50 минутта аяқталады. Жарысқа тамыз айының 23-і күні сағат 16.00-де тіркелген, барлық жоғарғы және орта баптағы тоғызқұмалақшылар қатыса алады.

  1. 5.     Марапаттау.

Жарыс жеңімпаздары «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» тарапынан тағайындалған тиісті дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Жарыстың бас төрешісі: «Абай» өнер мектебінің  тоғызқұмалық пен дойбы үйірмесінің жаттықтырушы Оқасов Мұрат Сейтсадаұлы.

Бас хатшы: Таукенов Дәрубай Құрмашұлы

Байланыс телефондар: 52-28-83 немесе 56-26-18; 57053020029, 87075626189

 

Абай Құнанбайұлының туған күні - 23 тамызға

арналған 64 шаршылы дойбыдан Абай мұражайының

жанындағы «Абай» өнер мектебінде Шығыс аймақтық

жекелей біріншілігін өткізу ережесі

 

  1. 1.     Жарыстың мақсаттары мен міндеттері: 

-Ұлы ақынға тағзым:

-Дойбы ойнауға баулу;

- Салауатты өмір сүру салтын насихаттау;

- Ересектер арасында үздік дойбышыларды анықтау;

  1. 2.     Өтетін орны мен уақыты 

Жарыс 2016 жылғы тамыз айының 23-24  күндері Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының жанынан ашылған «Абай» өнер мектебінде өткізіледі.

23 тамыз

17.00 – І-ІІ тур

24 тамыз

10.00-12.00. − ІІІ-ІV тур

14.00-17.00. − V-VІІ тур

  1. 3.     Басшылық және жетекшілік. 

Жарысты өткізудің жалпы басшылығы «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық- мұражайы» әкімшілігі бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі.

  1. 4.     Ойын ережелері. 

Жарыс рапид – жылдам ойнау компьютерлік жеті турлық швейцар жүйесімен жүргізіледі. Әрбір ойыншыға 25 минуттан, жалпы әрбір тур 50 минутта аяқталады. Жарысқа тамыз айының 23-і күні сағат 16.00-де тіркелген, барлық жоғарғы және орта баптағы ШҚО дойбышылары қатыса алады.

  1. 5.     Марапаттау.

Жарыс жеңімпаздары «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» тарапынан тағайындалған тиісті дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Жарыстың бас төрешісі: «Абай» өнер мектебінің  тоғызқұмалық пен дойбы үйірмесінің жаттықтырушы Оқасов Мұрат Сейтсадаұлы.

Бас хатшы: Таукенов Дәрубай Құрмашұлы

Байланыс телефондар: 52-28-83 немесе 56-26-18; 57053020029, 87075626189

 

Ойшылдар ойыны - тоғызқұмалақ

 

 DSC_0048  Семей қаласы әкімшілігі және Абайдың мемлекеттік қорық-мұражай әкімшілігінің қолдауымен 2016 жылдың маусымның 10-ы күні  Семей қалалық жекелей чемпионат ұйымдастырылды. Атаулы шараны Абай мұражайының директоры Б.Жүнісбеков ашты.

   Жарыстың тәртібімен таныстыру үшін сөз жарыстың бас төрешісі тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, «Абай» өнер мектебінің жаттықтырушысы Алмаз Қабдылқадырұлына берілді.

   Жарысқа арнайы шақырылған ең алғаш тоғызқұмалақ үйірмесін ашқан жаттықтырушы, тоғызқұмалақ ойынының атасы Таукенов Дәрубай Құрмашұлы  қатысушыларға ақ жол тілеп, батасын берді.

  DSC_0056 Шараға 26 тоғызқұмалақшы қатысты, оның 8-і Абай мұражайының жанынан ашылған «Абай» өнер мектебінің тәрбиеленушілері.

   Жарысқа қатысушылардың көбі тоғызқұмалақ ойынының шеберлері,  майталмандары. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша:

   Тоғызқұмалақтан топ жарып жүлделі орын иеленгендер:

Ерлер арасында:            Әйелдер арасында:

      1орын - Ж.Исаханов       1 орын – Н.Нұрғалиева

      2орын - А.Жағыппаров   2 орын – А. Оралбекова

     3-орын – Е.Боданов         3-орын – Б.Гайсаева

«Абай» өнер мектебінен 4 тәрбиеленуші жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен медаль, мақтау қағаздары табысталды.

20160611_135623               20160611_135510

 Тоғызқұмалақтан Семей қалалық жекелей чемпионаты

 

  20160608_144328 2016 жылдың 10-11 маусымында Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында  тоғызқұмалақтан Семей қалалық жекелей чемпионаты өтеді. Семей қаласы және мұражай әкімшілігінің қолдауымен өтетін шараны мұражайдың жанынан ашылған «Абай» өнер мектебінің жаттықтырушысы,  тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Алмаз Жақсылықов ұйымдастырады. Жарысқа қаламыздағы тоғызқұмалақ ойынының шеберлері қатысады. Аталған шараға «Абай» өнер мектебінің тоғызқұмалақ үйірмесінің тәрбиеленушілері де қызу дайындық үстінде. Чемпионатқа қатысатындарға тек сәттілік тілейміз.   

20160608_144310           20160608_144322

«Абай» өнер мектебінің тәрбиеленушілері жеңімпаз атанды 

  Биылғы жылдың 20 қаңтарынан ашылған «Абай» өнер мектебінің жетістіктері жетерлік.

  IMG-20160524-WA00022016 жылы 20 мамырда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін өтетін халықтық ойындар жарысына «Абай» өнер мектебінің тоғызқұмалақ үйірмесінің тәрбиеленушілері қатысқан болатын. Үйірме жаттықтырушысы А.Жақсылықов шәкірттерінің ішінен  Боданов Ернар мен Назел Нұрғалиева екеуін үлкен дайындықпен апарған болатын. Тәжірибелі жаттықтырушы  А.Жақсылықовтың үміт күткен екі шәкірті жеңімпаз атанды. Жарыста үйірме жаттықтырушысы да, шәкіртері де 1 орынды иеленді. Қалың топтың арасынан топ жарып, биіктен көріну әркімнің қолынан келмейді. Біз өздеріңнің жеңістеріңді зор қуанышпен қабылдадық.

  Жеңімпаздар табандылық, жоғарғы спорттық шеберлік және қажымас қайрат танытып, осы жарыста қаламыздың мерейін үстем ете білді. Жеңістеріңмен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!

«Абай» өнер мектебінің тоғызқұмалақ үйірмесінің тәрбиеленушілері жарысқа дайындалу үстінде

 DSC_0728  «Абай» өнер мектебінің тоғызқұмалақ үйірмесінің жүргізшісі тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Алмаз Жақсылықов қазақтың
 ұлттық ойыны тоғызқұмалақты жандандыру мақсатында шәкірттеріне осы «Абай» өнер мектебінде үйретуде. Үйірме жаттықтырушысы Алмаз Жақсылықовтың тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанған  бірнеше шәкірттері бар.   Жақында ғана тоғызқұмалақтан Орал қаласында ҚР-нің жас өспірімдер арасындағы чемпионатта Аружан Оралбекова қола медалін жеңіп алған болатын. Жаттықтырушы келесі тоғызқұмалақтан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін өтетін халықтық
ойындар жарысына апаруға шәкірттерін дайындауда. 

20160318_161557

 

Жас ақынмен кездесу
  

DSC_0009   Абай өнер мектебінің жас ақындары кезекті сабағында «Дариға-ай» жастар театрының әдеби жетекшісі, жас ақын – Игілік Бауыржанмен кездесу өткізді.  Жас таланттарға өз өлеңдерінен оқып, өлең құрлысы мен ұйқастың түрлерін түсіндірді. Балалардың қызығушылығын ояту мақсатында арнайы тапсырма беріп, табиғаттың көрінісі суреттелген картиналарға өлеңдер шығартты. Жас ақындар ерекше зейін қойып, бар ынталарымен өлең шығарып, жарыса шығармаларын оқыды. Сабақ соңында естелікке фотосуретке түсіп, оқушылар қуанышпен тарқады. Келесі сабақ талантты жас ақын   – Тобықбаев Тілекпен кездесу өтеді.

DSC_0006              DSC_0010

 

 

«ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘРНЕГЕ» БҮЛДІРШІНДЕР

АРАСЫНДАҒЫ БІРІНШІ БАЙҚАУ

DSC_0238  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында сәуір айының 6 күні мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер арасында «ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘРНЕГЕ» байқауы біріншіDSC_0261 рет өткізілді.

  Байқаудың мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлендерін жас бүлдіршіндер арасында насихаттау және нақышына келтіріп айтуға үйрету.

  Байқауға қаламыздағы «Айналайын», «Бес асыл» мектепке дейінгі шағын орталықтың тәрбиеленушілері қатысты. Әрбір өнерпаз бала Абайдың он - он екі өленін жатқа айтты.

DSC_0256  Бұл байқауда «Абай» өнер мектебінің мәнерлеп оқу үйірмесінің оқушылары Абайдың өлеңдерін оқып, «Бес асыл» шағын орталығының бүлдіршіндері өздері дайындап әкелген «Бес асыл іс...» көрінісін, «Айналайын» шағын орталығының бүлдіршіндері Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай» және қазақ биі «Қамажайды» бұралтып, өзара бәсекеге түсті.

  Өнер сайысының қорытындысы бойынша I-ші орынды «Бес асыл» мектепке дейінгі шағынDSC_0353 орталықтың тәрбиеленушісі А.Болатов, II-ші орынды «Айналайын» мектепке дейінгі шағын орталығының тәрбиеленушілері Ә. Әсетұлы, А.Қыдырханова ал III-ші орынды Ш.Айдынқызы, А.Берікова, А.Искакова, А.Оспанов иеленді. Жеңімпаздар арнайы мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

  Бүлдіршіндерді байқауға дайындағаны үшін «Айналайын», «Бес асыл» мектепке дейінгі шағын орталықтың басшыларына, тәрбиешілеріне арнайы алғыс хаттар тапсырылды.

DSC_0358  «Әсемпаз болма әрнеге» байқауына Семейдің зиялы қауым өкілдері, ата-аналар, студенттер, тәрбиешілер, ұстаздар келіп қатысты. Абай мұражайында «Әсемпаз болма әрнеге» байқауын жыл сайын өткізу жақсы дәстүрге айналмақ. 

 

  

Абай ұрпақтарының медалі

  20160318_161613Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының жанынан  2016 жылдың қаңтарында «Абай» өнер мектебі ашылған болатын. Қазір мектеп шәкірттері өз нәтижелерінIMG-20160405-WA0005 көрсетуде. Мәселен, тоғызқұмалақ үйірмесінің жаттықтырушысы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Алмаз Қабдылқадырұлы ұлы ақынымыз Абай құмартып ойнаған ұлттық ойынды жандандыру мақсатында тәрбиеленушілерге бар ынта жігерімен үйретуде.

  Жаттықтырушының  шәкірттері 26-30 наурыз аралығында Орал қаласында өткен жас өспірімдер арасындағы республикалық жарыста А.Оралбекова қола медалін жеңіп алды. Бұл үлкен дайындықтың нәтижесі.

  «Абай»  өнер мектебінің тоғызқұмалақ үйірмесінің жаттықтырушысы А.Жақсылықовқа алда болатын жарыстарда  шәкірттеріңіз үлкен жетістіктерімен қуанта берсін демекпіз.

         IMG-20160326-WA0003      IMG-20160326-WA0004

 

«Абай» өнер мектебінің оқушылары жеңімпаз атанды 

20160331_125147  Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының 2016 жылдың 20 қаңтарында «Абай» өнер мектебі ашылған болатын. Сол күннен бастап мектеп өз жұмыстарын бастап кетті.

  Тоғызқұмалақ, дойбы, шахматтан елуден аса жоғары баптағы спортшылар тәрбиелеген Оқасов Мұрат Сейтсадаұлы мен әр санатындағы төрешілер дайындаған20160401_111848
 білікті ұстаз «Абай» өнер мектебінде тоғызқұмалақ пен дойбыдан сабақтарын өткізуде.

  «Абай» өнер мектебінің тоғызқұмалақ, дойбы үйірмесінің жүргізшісі Мұрат Оқасов шәкірттерін дойбыдан Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай дойбыдан Шығыс Қазақстан облысының
чемпионатына шәкірттерін апарған болатын. Е.Қайыркенов ІІ орын, Е.Біржанов ІІІ орынды иеленді.

  Білікті ұстаз өзінің әр сабағында ойынның ережелерін сақтауға, асықпай ойланып жүруге, өзінің қарсыласын қалай жеңу керегін үйретіп отырады.

«Абай» өнер мектебінің тоғызқұмалақ, дойбы үйірмесінің жаттықтырушысы Оқасов Мұрат Сейтсадаұлына тәрбиелеп отырған шәкірттерінің жетістіктері көп болсын демекпіз.

Тоғызқұмалақтан кезекті сабақ өтті

  Оқасов Мұрат Сейтсадаұлы математик, тоғызқұмалақ, дойбы, шахматтан елуден аса жоғары баптағы спортшылар мен әр санатындағы төрешілер дайындаған білікті ұстаз «Абай» өнер мектебінде тоғызқұмалақ пен дойбыдан кезекті сабақтарын өткізді.

  Тоғызқұмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. Ойынға екі адам қатысады. Бұл тоғызқұмалақ кілең есепке құрылған логикалық ойын. Тоғызқұмалақ ойынын ақыл мен ойдың патшасы деген байламды ұстанған халқымыздың ұлы тұлғалары Абай, Шоқан, Бауыржан Момышұлы да сүйіп ойнаған. Сабақ аптаның дүйсенбі күндерінде өткізіліп отырады.

  «Абай» өнер мектебінде тоғызқұмалақ ойынын үйренгісі келетіндердің 52-28-83 телефонына хабарласуына болады. 

           DSC_0029      DSC_0026 

«Абай» өнер мектебінің кезекті сабақтары

  Абай өлеңдерін оқу, оның қадір-қасиетін сезіну, асыл ойларын зердеге сақтау ынтасы да, ықыласы да бүгінде бұрынғыдай емес. Тек Абай ғана емес, жалпы кітапқа құштарлық, кітапқа құмарлық бәсеңдеді. Телеарналар, басқа ақпараттар толқыны болашақ жас ұрпақты ұлттық әдебиеттен, ұлттық өнерден бөліп алып барады. «Қорқамын кейінгі жас балалардан» дегенде Абай осы сұмдықты сезген бе деп ойлайсың. Осы үшін де бізге Абай керек. Абай өлеңдеріне жас ұрпақты үңілдірудің, Абай ойларын жеткіншектеріміздің бойына сіңірудің тура жолын іздестіре келе Абай қорық-мұражайы ақын оқыған Ахмет Риза мешіт-медресесінің жанынан «Абай» өнер мектебі ашылған болатын. Мектепте төмендегі кесте бойынша сабақтар өткізілуде. 

            нн2       нн 

             дд      дд (2)  

             гг      гг2     

 

«Абай» өнер мектебінде тоғызқұмалақтан кезекті сабақ өтті

  Тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Алмаз Қабдылқадырұлы өзінің кезекті сабағын өткізді. Қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны - тоғызқұмалақты жандандыру мақсатында шәкірттеріне осы «Абай» өнер мектебінде үйретуде. Қазіргі уақытта Алмас Қадылқадырұлының жеті шәкірті әртүрлі сайыстарда жеңімпаз атағына ие болды. Жаттықтырушы шәкірттерін Орал қаласында өтетін ҚР-ның жас өспірімдер арасындағы жарысқа дайындауда. 

             DSC_0378       DSC_0376

                                       

«Абай» өнер мектебі республикалық жарысқа қатысады. 

   Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының әкімшілігі ақын оқыған Ахмет Риза мешіт-медресенің жанынан 2016 жылдың 20 қаңтарында «Абай» өнер мектебін ашқан болатын. Ондағы мақсатымыз болашақ ұрпақтың білімді, өнерлі боп өсуіне ықпал ету, жол көрсету, бағыт-бағдар беру.

Мектеп мынандай бағыттар бойынша сабақтар өткізуде:

 

     1.Ақындық өнер үйірмесі

     2.Мәнерлеп оқу үйірмесі

     3.Қолөнер үйірмесі

     4.Тоғызқұмалақ және дойбы үйірмесі

 

  Мәселен, тоғызқұмалақ үйірмесі бойынша осы уақытқа дейін 12 сабақ өткізілді. Бұл тоғызқұмалақ – қазақ халқының ықылым заманнан бері келе жатқан, әлемдік мәдениеттің кез-келген үлгілерімен бой теңестіре алатын ұлттық ойыны.

  Тоғызқұмалақ ойыны тапқырлықты, мол фантазияны талап етеді. Алайда бұл ойынның есебі ерекше, өзіне ұқсас ойындарға қарағанда анағұрлым күрделірек. Мұнда арифметиканың, алгебраның элементтері бар.

  Тоғызқұмалақты үйренушілерге екі жаттықтырушы кезекпен үйретуде. Математик, әр санаттағы төрешілер дайындаған білікті ұстаз Оқасов Мұрат Сейтсадаұлы аптаның әр дүйсенбі күндерінде кезекті сабағын жүргізуде.

  Сонымен қатар тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Алмаз Қабдылқадырұлы шәкірттерін Орал қаласында 24 наурыз күні өтетін Республикалық жас өспірімдер арасындағы жарысқа дайындауда.

"Абай"  «Өнер мектебінің» жас өрендері

 

                                Өлең деген- әр сөздің ұнасымы,

                                    Сөз қосарлық, орайлы жарасымы.

                                  Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,

                             Оған кімнің ұнасар таласуы

                                                             Абай

  DSC_0187Поэзия - бұл үлкен әлем. Шегі жоқ тұңғиық терең, сыр шертсең сырға толы, мұңайсаң мұңға толы, қуансаң шаттанатын, қолдансаң мықты қару, ауырсаң емге дәру, әлсізге күш беретін, айналаға жырымен нұр төгетін ол - өлең.

  Бүгінде ақындық өнерді биік ұстап, «Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» - деп Абай атамыздың ойын жалғай отырып, талантты жас буындарға жол көрсетіп, «Өлең – сөздің патшасы» екенін тағы бір далелдеп,Абай мұражайының «Абай» өнер мектебінің жас ақындары Абай білім алған «Ахмет Риза» мешіт-медіресесінің ғимаратында тәлім алуда.

  Ақындық өнер мектебінің басты міндеті:

-   Ұлы Абайдың ізін басып, сөз мәйегін түсінер, жырдан маржан терген, жүрегінде оты бар қаламыздың поэзияға жаны жақын оқушыларының басын біріктіру;

-   Музей педагогикасын жандандырып, мектептермен байланыс орнату;

-   Абай мұражайының сайтының бір бөлімін жас ақындарға арнау, және сол арқылы басқа қалалардың ақын жастарымен байланыс орната отырып, Абай, Шәкәрім, М.Әуезовті жан-жақты насихаттау;

-   Оқушыларды Абай, Шәкәрім поэзиясымен жақын таныстыру;

-   Оқушылар арасында түрлі сайыстар, мүшәйралар ұйымдастырып, шығармашылыққа қызығушылықтарын арттыру;

-  Шығармашылықтарын ұштау мақсатында қаламыздағы танымал ақын- жыршылар мен кездесулер жасау.

          Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы

         Сонда да солардың бар таңдамасы.

         Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,

        Қазақтың келістірер қай баласы? – деп жас буын өкілдерінің шеберлік пен шешендікті қатар үйренуі үшін жасалып жатқан бағыт және балаларға зор мүмкіндіктер беретін жол. Сондықтан, «Абай» өнер мектебі болашақта талай талантты жас ақынды биік шыңдарға шығарары сөзсіз. Ақындық өнердің жас дарын иесі болсаңыз, немесе поэзияға қызығушылығыңыз ерекше болса – киелі Абай шаңырағынан нәр алыңыз!

     DSC_0188       DSC_0190