Республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің республикалық «Уақыт Таңдауы – Выбор Времени» Агенттігімен бірлескен жобасы бойынша Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында дәстүрлі жыл таңдаулылары анықталған болатын. Үздік облыс, жоғарғы оқу орны, кітапхана, музей... Осыған орай, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі – «Жылдың үздік музейі» атанды.